Ағымдағы жылдың 1 және 2 наурызында «Нұр-Сұлтан» қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында" мерзімінен бұрын аттестаттау өтті. Аттестаттаудың мақсаты - біліктілік пен кәсіпқойлықтың өсуіне ынталандыру, сонымен қатар, жұмыста арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесіндегі теориялық біліммен, практикалық әдістердің тәсілдерін қолдана білуді талдау болып табылды. Аттестаттаудан өтудің тағы да бір мақсаты болып - арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеруді құрал ете отырып, әлеуметтік қызметкердің жалақысын көтеру.  Аттестаттау екі кезеңнен тұрды: 1 кезең -тестілеу, 2 кезең- сұхбат алу.  Әрбір әлеуметтік қызметкер өздерінің жұмыс барысында жасалған суреттерімен, өткен оқу семинарлары бар сертификаттар, алған мақтау қағаздары жиналған портфолиоларын дайындаған.