« Шарапат " ӘҚКО»-да 2009 жылдан бастап "Надежда"хоры ұйымдастырылды. Осы жылдар ішінде хор қалалық іс-шараларда өнер көрсетті, Нұр-сұлтан қаласының "Нұрлы-жүрек" ӘҚКО-на,  Малотимофеевкаға барып өнер көрсетті, студенттер мен оқушылар алдында сөз сөйледі. Мекемедегі бірнеше мәдени іс-шара хордың қатысуынсыз өтпейді. Бүгін олар көктемгі мерекелерге орай қызмет алушылар алдында өздерінің жеке концертін берді.