2021 жылғы 26 наурызда Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеті қалалық әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірлесіп келесі оқу пәндері бойынша секциялық отырыстар өткізді: бастауыш сынып, математика, физика мен информатика, химия мен биология, қазақ тілі мен әдібиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілдері, география, тарих, дене шынықтыру және АӘД, психология, әлеуметтік педагогтер және кітапханашылар, технология мен көркем еңбек, инкюзивті білім беру.
Отырыстарда оқушылардың білім сапасын арттыру, қашықтан оқыту ерекшеліктері, 9,11 сынып оқушыларын қорытынды атесттатауға дайындау сұрақтары қаралып, пәндер бойынша мұғалімдер өз білімдерімен бөлісті. Отырыс барысында қызықты сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, кері байланыс орнатылып отырды.