Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына  орай ұйымдастырылған  «Алма ағашын отырғызу игі іс» атты іс шара өткізіліп, 50 түп алма ағашының көшеттері отырғызылды. Айтулы шараға бұрынғы қызмет алушының ұлы Кадатскии А.А., Нұр-Сұлтан қаласының  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Басқарма басшысының орынбасары Скуб И. В және ӨС-13 қызметкерлері,  Орталық басшысы Р.Ж. Баймағамбетова қатысты. Орталықтың қызмет алушылары соғыс ардагері Сафоничева Раиса Егоровна және тыл ардагері Беленко Борис Филиппович те егде тарқан жастарына қарамай, ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.