1 мамыр Тәуелсіз елімізді мекендеген ұлттардың татулығы мен келісімінің мерекесі. Бұл мереке Қазақстанда жаппай тойланатын ел бірлігін, ұлттар достығын нығайтатын мереке .
Біздің орталықта 12 түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бұл Қазақстан халқының шағын Ассамблеясы деп айтуға болады. «Бірлігіміз жарасқан!» атты мерекелік шарада әр тілде әндер шырқалды. Қызмет алушылар әр ұлттың киімдерін киіп, әннен шашу шашты.
Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!