Бүгін  «Шарапат»  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Біз батырлар ұрпағымыз!»  атты іс шара ұйымдастырылды.  Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Барша Қазақстандықтарды  Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отыра, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.