Бүгін  «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай ұйымдастырылған «Олардың ерлігі үшін біз бас иеміз»  атты мерекелік іс шара өткізілді.            Қадірлі соғыс ардагері Р.Е. Сафоничеваны  және тыл еңбеккерлерін Нұр-Сұлтан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Басқарма басшысының орынбасары Скуб И. В және  Орталық басшысы Р.Ж. Баймағамбетова құттықтады. Мерекелік концертте филармония әртістері қызмет алушыларға өз өнерлерін көрсетті. Барша қызмет алушылар құттықтай келген әртістерге өз ризашылықтарын білдірді. Бүгінгідей айтулы мереке күні барша Қазақстандықтарға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!