Бүгін 18 мамыр күні «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясатшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 85 жас мерейтойына орай «Ұлы Даланың дара тұлғасы» атты іс шара өтті.
Іс шара барысында қызмет алушыларға Олжас Сүлейменовтың елінің болашағы үшін жасаған ерен еңбектері, баға жетпес құнды шығармалары туралы айтылды. Қызмет алушылар ақынның өлең жолдарынан оқып, пікір алмасты.