Бүгін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ – ТАҒЗЫМ» атты іс шара өтті.
Іс шараға Саяси қуғын - сүргіннен ақталған балалар қатарындағы қайғылы оқиғалардың куәгерлері Орталықта қызмет алушылар Г.Б. Мұхамедярова, Л.Г.Козлова, С.К.Кунахова қатысып, өз бастарынан өткен кезеңдерге тоқталды. Іс шара барысында барлық қызмет алушылар, әріптестер «Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, ұлт үшін шейіт болған күллі боздақтардың аруағына тағзым етіп, орындарынан тұрып, бір сәт үнсіздікпен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Қатысушылар саяси репрессияның зардаптары жайлы бейнеролик тамашалады. Сонымен қатар кітапхананың оқу залында «Есімдері мәңгі есте» атты кітап көрмесі, фото көрме ұйымдастырылды.
Қазақ тарихындағы қаралы кезеңді естен шығармай, жадында сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін жазықсыз жапа шеккен аға ұрпақтың есімдерін мәңгілік құрметтеу, еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.