Бірінші маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күні. Бұр мейрам сыйлықтар мен әуе шарлары бар көңілді мереке ғана емес, сонымен бірге қоғамға баланың құқықтарын сақтау және құрметтеу қажеттілігі туралы еске салуға себеп.
"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар бөлімшелерінің қызмет алушыларына «Балаларды Қорғау Күніне» арналған екі күндік концерт өтті. Балалар мен олардың ата-аналарын Нұр-сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С. О. Нұрғожина және "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж. Баймағамбетова құттықтау тілектерін білдірді.
Балалар үшін қазақ эстрадасының әртістері - Жаңабай Өтегенов, Ерлан Малаев өнер көрсетті. Сонымен қатар балаларымызды сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі аниматорлар қуантты.
Мереке соңында әр бала ата-анасымен бірге аспанға армандарын шарларын жіберіп, ең терең тілектерін білдіріп ұшырды. Біздің балаларымыздың тілектері орындалатынына сенеміз!!!