Ағымдағы жылдың 1 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қарттар бөлімінің қызмет алушылары, қаланың орталық саябағында жиналып, барлық қызмет алушылар мен қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап, Қазақстан Әнұранын шырқады.
Осы мерекеге орай, қызмет алушылар барлығына амандық, бақыт, бейбітшілік тіледі!
Біздің Отанымыз - Қазақстан гүлдене берсін, оның Тәуелсіздік туы биікте желбіресін!