Ағымдағы жылдың 7-ші маусымында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қарттар бөлімінің қызмет алушыларына мәдени іс-шара ретінде «Жерұйық» саябағына апарды.
Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан,
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп-
Өзен де күміс суын сылдыратқан.
Жаз – бұл жыл мезгілі, айналада бәрі гүлдейді, ал табиғат қайтадан тіріледі!
Қызмет алушылар ұзақ уақыт үзілістен кейін, бір-бірімен кездесіп, осы күндерін қызықты етіп, саябақта өткізді. Олар бірінің көңілдерін жылы сөздермен, сезімдермен жылытып, бір-біріне зор денсаулық, шыдамдылық, жақын арада осы пандемия аяқталып, осындай іс-шараларды бірге өткізу тұру деген тілектерін білдірді.