Осыдан тура 80 жыл бұрын, яғни 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан Соғысы басталған болатын.
Бұл күн қазіргі заманда еске алу және аза тұту күні ретінде аталып өтіледі. Айтулы датаға орай «Шарапат» қызмет көрсету орталығында жер бетіндегі бейбітшілік пен бақыт үшін, біздің өміріміз үшін күресте өз өмірлерін құрбан еткендерді еске алу мақсатында іс шара өткізіліп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы қызмет алушы Р.Е. Сафоничеваны ерекше құрметпен қарсы алды, ол майданға қалай келгені туралы және өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып беріп, жастарға өз лебізін білдірді.
Іс шараға қатысушылар «Надежда» хорымен бірігіп, соғыс туралы әндер орындады. Біздің парызымыз осы ерлік туралы естелікті, табандылыққа, батылдыққа, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілікке деген құрметті сақтау және оны келесі ұрпаққа жеткізу. Ұлы Отан соғысында өз өмірін қиған, жердің әр бөлігін қорғаған адамдардың бәрін біз есімізде сақтаймыз және құрметтейміз!