29 маусым күні «Шарапат» ӘҚКО   кітапханасында  орыс халқының ұлы ақыны, жаңа орыс әдебиетінің негізін салушы,  ақын А. С. Пушкиннің 222 жылдығына  орай «Мен халықтың жадында мәңгі қаламын» атты поэзиялық кеш өткізілді. Шараға Орталықта қызмет алушылар, Орталық қызметкерлері  қатысып, бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» Александр Сергеевич Пушкиннің  өмірі мен шығармашылығы  жайлы айтылды. Іс-шараға қатысқан қызмет алушылар ұлы ақының өлеңдерін оқып, барша қатысушыларды бір серпілтіп тастады.

Шара барысында «Пушкин –ұрпақтармен мәңгі»` атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.