Іс шара барысында

Астананың даму тарихына жан-жақты тоқталып, Астанаға ғажайып сән беретін архитектуралық ерекшелігімен таңқалдыратын заманауи үлгідегі ғимараттар  слайд арқылы көрсетілді.

Қызмет алушы Еңбек ардагері, Нұр – Отан партиясының мүшесі, КБК төрайымы Г.Б. Мұхамедьярова Астана күніне арнап шығарған өлеңін оқып, барша қызмет алушыларды шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шарада қызмет алушылар Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті.  

Жартылай стационар және үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары Ердәулет Қарсыбайұлы және стационар жағдайындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Алия Байқалқызы Астана күнімен қатысушыларды  құттықтады.

Кеш соңында қатысушылардың назарына  Астананы бейнелейтін фото-стенд және «Алаштың бақ ордасы – Астана» атты  кітап көрмесі ұсынылды.