Әлеуметтік еңбек қызметтерін көрсету шеңберінде оларда Орталық қызметін алушылар көкөністер өсіреді. Жылыжайларда жұмыс көктемнен басталады. Отырғызу, арамшөптер, суару дегендей жұмыс күн сайын жүргізіледі. Қызмет алушылар жылыжайларда  қияр, қызанақ, бұрыш, пияз, аскөк т.б көкеністерді өсіреді. Жылыжайлар үшін жауапты қызмет алушылар жұмысқа аса жауапкершілікпен қарайды. Бұл жылыжайлардың фотосуреттерімен айқын көрінеді. Өз жұмыстарына жауапкешілікпен қарайтын  П.М. Селенский, Н.Н.Первухин, Г.Х.Базаркулова, Д.М. Купеева, А. Дик, Л.П. Демашевқа шын жүректен алғысымызды  білдіреміз. Біздің бағбандар өз егіндерін Орталықтың басқа қызмет алушыларымен бөліседі. Осы жылғы өнім жайлы міндетті түрде біздің парақшамызға жазамыз.