Ел Астанасы Нұр-Сұлтан күніне орай бүгін Шарапат "ӘҚКО «Біздің қала бақыт үшін жасалған!" атты мерекелік концерт өтті. Қызмет алушыларға "Надежда" хоры, Куликов Евгений, Поцелуева Инна, Дик Анна, Дыбысова Айжан, Шевчук Валера және Жунусов Дидар өз өнерлерін көрсетті.    Көрермендер әр өнер көрсетушіні ду қол шапалақпен қарсы алып, олармен қосылып  бірге ән айтты. Мекеме директоры Р. Ж. Баймағамбетова қызмет алушыларды мерекемен  құттықтап, өз тілегін білдірді.

Нұр-сұлтан – келешегі жарқын, болашағы айқын қала. Ерке Есілдің жағасынан керегесін кең жайған Нұр-Сұлтан қаласының ғұмыры ұзақ, шоқтығы биік болсын! Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз, бірлігіміз берік болсын.