Айттың бірінші күні барша мұсылмандарға таратылса екінші, үшінші күндері жүзден аса ұлт өкілі тұрып жатқан еліміздегі әрбір азамат осы мерекенің лебін сезінуі үшін, Орталықта қызмет алып жатқан өзге ұлт өкілдеріне де үлестірілді.

Күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айттың да бүгін соңғы күні. Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, мол ырыс пен бақыт тілейміз!

Қасиетті Құрбан айтта шалған құрбандығыңыз, жасаған әрбір игі амалдарыңыздың сауабы еселеніп жазылғай.