Іс-шара барысында оның ата-анасы, оның балалық арманы, өз мақсаттарына жету жолындағы оқу және жұмыс туралы ақпарат айтылды. Тұңғыш Қазақстандық ғарышкер мамандығын тек қазақ халқының ғана емес, әлем халықтарының да игілігіне игерді. Қызмет алушыларға «Менің өмірімнің махаббаты» бейнеролигінің фрагменті, сондай-ақ «Жүрек жарды» телевизиялық бағдарламасынан үзінді көрсетілді. Барша қатысушылар ғарышкер туралы өз ойларымен бөлісіп, белсене қатысты. Кеш соңында қызықты ойындар ойнатылып, жақсы көтеріңкі көңіл күймен тарасты.