Еліміздегі көлік логистикасының көшін бастаған шойын жол қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі әрқашан қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда, бүгін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, тамыз айының алғашқы аптасында мерекеленетін теміржолшылар күніне арналған іс шара өтті. Онда алдымен Орталық директоры Рысты Жағапарқызы қызмет алушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Іс шара барысында түрлі ойындар ойнатылып, жұмбақтар шешілді. Ел дамуына елеулі үлестерін қосқан теміржол қызметкерлеріне әкімшілік атынан силықтар табысталды.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – теміржолшылар күнімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз. Тәуелсіз еліміздің игілігін молайту мақсатындағы жасап жатқан ерен еңбектеріңіз жемісті болсын.