Бүгін «Шарапат» әлуметтік қызмет көрсету орталығында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 176 жылдығына орай,  “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби

Тағылымы мол кеш сахналық қойылымнан басталды.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Орталық басшысы Р. Баймағамбетова ақынның қазақ халқы үшін маңызы туралы айтып, «Абайды тану – өзімізді тану» деп, оның терең ойларының қазақ болмысын қалыптастырғанын атап өтті. Кеш барысында Абай Құнанбайұлының өмір жолы, шығармашылығы туралы ой қозғалды, және Орталық қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған әдеби-сазды кешке ұласты.

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ұлт мақтанышы заманының ұлы ойшылы, ақын сазгер Абай Құнанбайұлы ұрпағымен бірге жасайды. Ақынның өнегілі өмірін ұрпаққа таныстырып, кемеңгер ойшылдың шығармашылығын ұрпаққа насихаттаудан жалықпауымыз керек.