"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттары қонақта болды. Орталықтың жұмыс барысымен, қызмет алушылардың жағдайымен танысты. Кездесу барысында "Ғабит Сейтмағамбетов" қайырымдылық қоры орталыққа техникалық жабдықтар, атап айтсақ, 1 моноблок, 4 теледидар, 10 микротолқынды пеш сыйға тартты. Қызмет алушыларымыз қайырымдылық қорының игі ісі үшін өздерінің алғыстарын жеткізді.