Қарияларымызға Мейірім мен құрмет көрсету күнінде қайырымды жандардың ілтипаты жауған күн болды.  Соның ішінде "Хабар" агенттігі АҚ ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарлама қызмет алушыларымыздың ерекше көңілінен шықты. Іс-шара барысында мерекелік ән - шашу, поэзия, қарттарымызға арналған сыйлықтар да үлестірілді. Бұл шараны ұйымдастыруға атсалысқан "Хабар"  агенттігі АҚ, "Мархабат KZ"  мүгедек жандар қауымдастығы, "Ұлттық волонтёрлік желі" заңды тұлғалар бірлестігі мерекелік бағдарламаны ұйымдастыруға, орталық қызмет алушыларына сыйлық дайындауға атсалысса, "Астана қайырымды жандар"  еріктілер тобы безендіруге үлестерін қосты. Баршаңызға мың алғыс! Қарияларды құрметтеген еңбектеріңіз еселеніп қайтсын!