Мүгедектер күні қарсаңында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясы «Жан шуағы» атты концерттік бағдарламамен қонақта болды. Концертте «Қорқыт» этно-ансамблі, «Әлем» би ансамблі, сондай-ақ Алтыншаш Мұқатаева бастаған филармония әншілері өнер көрсетіп, күмбірлеген күйден, халық әндері мен эстрадалық әндерден шашу шашты. Орталық директоры Р.Жағыпарқызы ұжымның, қызмет алушылардың атынан рахметін айтып, мемлекеттік академиялық филармонияға Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ филармония басшылығы орталығымызда бастау алған «Елорданың экосөмкелері» акциясына қолдау білдіріп, үлес қосты.