8 қазан күні  Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Шарапат» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» үйде қызмет алушыларына  «Жетісу» саябағында мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

«Жетісу» саябағы қызмет алушылар үшін нағыз демалыс орны болды.  Садвокасова Нурия Оксубаевна саябақ бойынша қызықты экскурсия жүргізді.

Кәріс бағында серуендеу кезінде, күздің ашық түстері ешкімді бей жай қалдырмады.

«Алтын жебе» еріктілері мен «Жастар» театрының жас әртістері көңілді әуен қойып,би ұйымдастырып қызмет алушылардың көңіл күйлерін көтере білді.

«ALIF east food» ұжымы дәмді ас әзірлеп дастархан жайды.

Ұзақ уақыт бойы үйден шығып бой жазбаған қызмет алушылар үшін керемет сәтке айналған серуен барлығының көңілінен шығып, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын беріп жатты. Ұйымдастырушылар белсенділік танытқан бөлімшелерге кубок беріп,ат салысқандарына рахмет айтты.