Карантиндік шаралар жеңілдетілгелі орталығымызға мерекелік бағдарламамен, қайырымдылық концерттерімен көптеген ұжымдар қонақ болуда. Бүгін Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушылары қарияларымызға құрмет көрсетіп, концерт қойды. Әсем ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би, түрлі аспаптармен орындалған классика да орындалды. Назарбаев мектебінің оқушылары «Еңбек терапиясы» бағытының жұмыстарымен танысып, «Елорда экосөмкелері» әлеуметтік жобасына да өз үлестерін қосты.