Елімізде карантин шаралары жеңілдетілгелі бері «Шарапат» орталығына келуші қонақтардың қарасы үзілген емес. Бүгін көршілес мемлекеттен бауырлас ағайындар – Қырғызстан мемлекетінің өкілдері қонақта болды. Қырғызстан мемлекеті Еңбек министрлігінің, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында келген әлеуметтік сала қызметкерлері орталықты аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Орталықтың қызмет алушыларымен сөйлесіп, күнделікті айналысатын жұмыстарын көрді, кітапхана, типография, еңбек терапиясы, спорт залы, медициналық бөлімнің, соның ішінде подология, стоматология жұмысымен танысты, әсіресе қонақтарға әдемі ән арнаған хорға қатысатын қызмет алушыларға дән риза болды. Діни дәстүрлер үйіне кіріп, Құран бағыштады. Алдағы уақытта біздің орталықпен тығыз байланыста жұмыс жасауға ниетті екендерін білдірді.