Еліміз 2011 жылдың желтоқсанынан бастап, республикалық деңгейде Тұңғыш Президент күнін атап өтіп келеді. «Шарапат» орталығында атаулы мерекеге орай фото, кітап көрмесі, қолөнер бұйымдарынан көрме, сондай-ақ әр блок қызмет алушыларымен бірге кездесулер ұйымдастырылды.

Бүгін осы мерекеге қарсаңында мәдени бөлімнің ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертте қызмет алушылар мен қызметкерлерден құралған өнер ұжымдары атап айтар болсақ: «Достар» ансамблі, «Надежда» хоры өнер көрсетіп, көрермендерге Дик Анна, Куликов Евгений, Жолдиев Марат, Поцелуева Инна, қызметкерлер Дариға Шүйгінбаева, Валерий Шевчук өздерінің әдемі әндерін арнады.

Барлық өткізілген іс-шараларымызбен біздің әлеуметтік желідегі парақшамызда таныса аласыздар @cso-sharapat