Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында елімізде үздіктердің үздігін марапаттап, лайықты құрмет көрсету дәстүрге айналған. Бүгін «Шарапат» орталығының директоры, білікті басшымыз Баймағамбетова Рысты Жағыпарқызы және медицина бөлімінің белді қызметкері Мукатаева Салтанат Арназаровна ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Барша ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз.