Бүгін Орталығымызда Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Кенесарыұлы қонақта болды. Орталықтың тыныс-тіршілігімен, қызмет алушылар қатысатын үйірмелерді, медициналық қызметтерді көріп, танысты. Мекеме тарихынан сыр шертетін мұражайды тамашалап, қонақтарымыздың қалыптасқан үрдісімен өз қолтаңбасын қалдырды.
Бүгін Орталығымызда Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Кенесарыұлы қонақта болды