"Шарапат" орталығында 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы" ұйымдастырған концертте ұлттық әндеріміз, билеріміз орындалды. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары В.Скуб концертке қатысып, үздік қызметкерлерді марапаттады.