...Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,.. – деп, Абай атамыз өлеңінде жырлағандай, Амал мерекесі – Көрісу күні де келіп жетті. Амал мерекесі деп аталатын бұл дәстүр, әсіресе, еліміздің батыс аймағында ерекше тойланады. Біздің «Шарапат» әлеуметтік орталығында да бұл мерекені айрықша салтанатпен атап өтудеміз.
Аталмыш мерекеге орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіс Сейдоллаұлы басқаратын «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының» ASTANA MUSICAL мемлекеттік театры өздерінің керемет қойылымымен қызмет алушыларымызға естен кетпес әсер сыйлады. Спектакльде қазақ халық әндері, шетелдік танымал әндер орындалды, көрермендеріне езу жиғызбайтын ерекше қойылым көптің көңілінен шықты.
Театр ұжымына Орталық басшысы Асхат Әділханұлы шығармашылық табыс тілеп, әкімшілік атынан Алғыс хат табыстады.