«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар керуені шымылдығын ашты. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл мереке Орталық қызметкерлері арасында сайыс түрінде ұйымдастырылып, әр бөлім қызметкерлері қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді. Бүгін «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік бағдарламасымен Әлеуметтік бөлім қызметкерлері әкімшілік жанынан құрылған қазылар алқасына «Көрісу» дәстүрін көрсетті. Наурыз тойға ақ тілектер шашылып, «Қаражорға» биі биленді, халық әндері орындалды, Ұлттық мерекенің басты тағамы – Наурыз көжеден дәм татты. Бұл мереке әрі қарай жалғасады... Алдағы уақытта Орталықтың басқа бөлімдері «қыз ұзату», «құдалық» сынды дәстүрлерді көрсететін болады.
«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар керуені шымылдығын ашты