"Шарапатта" Наурыз мерекесі жалғасуда... Кеше "Көрісу" дәстүрімен мерекенің шымылдығы ашылса, бүгін Ләззат Омарқызы бастаған медициналық блок қызметкерлері "Қыз ұзату" дәстүрінен көрініс көрсетті. Халқымыздың сырға салу, анасының ұзатылатын қыздың басына сәукеле кигізуі, жеңгелерінің ақ жол жайып шығарып салуы сынды, т.б. дәстүрлерімізді насихаттап, көрермендердің көңілінен шықты. Медициналық бөлім ұжымына алғысымызды білдіреміз! Қазақтың дәстүрлері жасай берсін, Наурыз құтты болсын!