"Шарапаттағы" Наурыз тойы бүгін "Құдалық" дәстүрімен жалғасты. Орталықтың Шаруа бөлімі ұйымдастырған мереке өте жоғары деңгейде өтті, қазақтың құда күтуінде жасалатын барлық салт-дәстүрлер көрсетілді.
Құдалыққа дайындалған ауыл, буы бұрқыраған самаурын, қазан-ошақ тойдың сәнін кіргізді. Құдаларды арқан тартып қарсы алудан бастап, шашу шашылды, құйрық-бауыр жеп, құдалар төс қағысты. Күмбірлеген күй мен мың бұралған би де тойдың көрігін қыздырды.