2022 жылғы 21 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев және қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Егоровна Сафоничеваны және барлық қызмет алушыларды мерекемен құттықтады. Қонақтардың алдында 25 жылдан аса тарихы бар орталықтың "Надежда" хоры "Сұлу қыз" әнімен өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары Наурыз мерекесіне арнап, халық әндерінен шашу шашты.