«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұңғыш рет «Өз жұлдызыңды жақ!» атты таланттылар байқауы ұйымдастырылды. Байқауда жеке орындаушылар мен дуэттер өз өнерлерін ортаға салды. Орталық басшысы Алмабеков А.А бастаған қазылар алқасы қатысушылардың өнерлеріне баға берді. Байқауға жалпы саны 13 өнерпаз қатысып, нәтиже бойынша, БАС ЖҮЛДЕНІ үйден қызмет алушы Дорожкина Галина Ерофеевна иеленді. І орын Михеева Раиса Лазаревна және Смагулова Гульзада Адильгазыевна, ІІ орын Куликов Е.А., ІІІ орын Блеубаева Л.В., номинациялар бойынша: «Жеңіске деген ұмтылысы үшін»: Ахметова А.К., «Көрермен көзайымы»: Аристеев Қ., «Үздік әртістік қабілеті үшін»: Прилепская В.Я марапатталды, сондай-ақ, Савичева В, Исенеев А, Карамурзаева Г, Князева Н мен Тутакаева С белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Барлық қатысушыларға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Өз жұлдызыңды жақ!» таланттылар байқауы