«Шарапат» орталығында қайырымды жандар легі бір толастаған емес. Бүгін де қалалық №3 емхананың бас дәрігерінің орынбасары, психолог маманы, әлеуметтік қызметкерлері мен қаламыздағы үздік колледждердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, студенттерінің ұйымдастыруымен  «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті. Студент-жастар ата-әжелерді құрметтеп, есік алдында әдемі шарларымен қошеметтеп қарсы алды. Концертте лирикалық әндер шырқалды, шығыс биі, қазақ билері биленді. Жүрекке жылу сыйлаған өте әсерлі керемет концерт болды. Ұйымдастырушыларға мың алғысымызды білдіреміз!