Бүгін, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне орай, «НАЗ» мемлекеттік би театрының мерекелік концерттік іс-шара өтті. Концертте қазақтың халық әндері айтылып, билері биленді, сондай-ақ, өзге ұлттардың, атап айтсақ, татар, түрік, украин, орыс тілдерінде әндер шырқалды.

Орталық басшысы А.Алмабеков Бірлік мерекесімен құттықтап, әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлерді, сондай-ақ, Орталықтың мәдени, спорттық іс-шараларына белсенді атсалысатын қызмет алушыларды марапаттады.

Сондай-ақ, «НАЗ» театрының кітапхана ұжымы қазақ тарихынан сыр шертетін кітаптардан көрме ұйымдастырылды.

Бірлік күніне арналған іс-шаралар легі жалғасын табуда...