Қасиетті Рамазан айының аяқталғаның білдіретін Ораза айт - мейірімділіктің, игіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мерекесі. Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, қонақжай халқымызды жақсылыққа , қайырлы іс жасауға жетелейді. Ораза айттың бірінші күні  "Сері" мейрамхананың иелері "Шарапат" Орталығының қызмет алушыларына ас берді. Қайырымды жандарға ризашылығымыз шексіз, игі істері сауапқа толы болсын!