Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Біз олардың ерлігі алдында бас иеміз!» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік іс-шараға Ұлы Отан соғысы ардагері Сафоничева Р.Е мен тыл ардагерлері, орталықтың қызмет алушылары қатысты. Сахнада мерекеге орай соғыс жылдарындағы, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды. «Райана» ансамблінің орындауында «Көктем» биі орындалды, мектеп оқушыларының орындауында қазақтың күмбірлеген күйі шертілді. Мерекелік концертте «DOS» бірлестігінің өнерпаздары, Нұр-Сұлтан қаласы №88 мектеп-лицей оқушылары, «Шарапат» орталығының «Надежда» хоры, жеке орындаушылары: Куликов Е., Поцелуева И., Дик А. өнер көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Жусупов Е.Н және де «Шарапат» орталығы директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Сеитова А.Б. құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.