«Шарапат» орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері Сафоничева Раиса Егоровна тұрады, қазір 97 жаста. Бүгін Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлттық әскери-патриоттық орталығының үрмелі оркестрі соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп,құттықтады. Соғыс жылдарындағы әуендер ойналып, соғыс ардагеріне гүл шоқтарын табыс етті. Орталық басшысы А.Алмабеков «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының Сарыарқа аудандық филиалының басшысы К.Бапишев, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы басшысының орынбасары Е.Жусупов ардагерлерді мерекемен құттықтады.