Орталығымызға келіп, қайырымдылық концертін ұйымдастыратын жүрегі жомарт жандар легі толастаған емес. Бұл жолы Астана техникалық колледжінің оқытушылары орталық сахнасында өнер көрсетті. Колледж директоры А.Құрбанқұлов құттықтау сөз сөйлеп, қызмет алушыларға мықты денсаулық, күш-жігер тіледі. Концертте оқытушылар ғана емес, қаламыздағы танымал дәстүрлі және эстрада әншілері, күйшілер де, сондай-ақ жаңадан құрылған театр жастары да өнер көрсетті. Кеш соңында қызмет алушыларға колледж ұжымы естелік сыйлықтарын табыстады.