"Шарапат" орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрманбетова Ж.Н қонақта болып, қызмет алушылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Медициналық жұмыс бөлімінен бастап, еңбек терапиясы, мәдени қызметтермен, т.б. танысып, "Надежда" хорының әнін тыңдады. Орталықтың тарихынан сыр шертетін "Еңбек және даңқ мұражайымен танысып, естелік кітапта өзінің жүрекжарды лебізімен қолтаңбасын қалдырды.