Бүгін "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Елордамыз - Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті. Орталық басшысы А.Алмабеков құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік салада еңбек атқарып жүрген үздік қызметкерлерді, сондай-ақ, Еңбек терапиясы бағыты бойынша жылыжай баптап, бағбандықпен айналысатын қызмет алушыларды марапаттады.
Мерекелік концертте жеке орындаушы қызмет алушылар, Орталық жанынан құрылған 30 жылдан аса тарихы бар "Надежда" хоры және қаламыздағы өнер ұжымдарының бірі "Ләззат" ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті.