Қала күнінде орталығымыздың қызмет алушылары Елордамыздың төріндегі Қазақстан халқы ассамблеясының "Достық үйі" ғимаратында қала күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. "Достық үйіндегі" құнды жәдігерлер сақталған мұражаймен танысып, ассамблея құрамындағы ұлт пен ұлыстардың өнерін тамашалады. Мерекелік шара соңында тәтті бауырсақ пен дәмді палаудан дәм татты. Қызмет алушы Купеева Д.М. сарқыт ала келіп, паллиативті палатадағы 36 адамға палаудан дәм татқызды.