Тамылжыған тамыздың алғашқы жексенбісі - ел экономикасының күретамыры саналатын Теміржол саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Орталығымызда осы салада қызмет жасаған ардагер-теміржолшылар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Айтулы мерекеде бұл кісілерді құттықтап, "НҰР-СҰЛТАН 1" теміржол вокзалының ұжымы өздерінің ән шашуларымен, сый-сыяпаттарымен келді. Бір салада еңбек еткен жандардың басын қосып, әдемі әндерін арнады, вокзал басшысының атынан құттықтау грамоталарын табыстады