Бүгін халқымыздың біртуар ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. "Шарапат" орталығы кітапханасының қызмет алушылары-оқырмандары да осы мерекеге орай Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдастырылған "Абай тағылымы" атты іс-шарада қонақта болып, "Абай өлеңдері" марафонында ақынның өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Іс-шара ұйымдастырушылары әр қатысушыға Алғыс хаттарын табыстады.