Тамыз айының екінші жексенбісінде елімізде құрылысшы мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы мерекеге орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында құрылыс саласында еңбек еткен қызмет алушыларды құттықтап, мәдени ұйымдастырушы Аргумбаева М.Ж және спорт нұсқаушысы Анисифорова В.П. жетекшілігімен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Белсенді қызмет алушылар Поцелуева И., Дик А., Садбеков С., Искаков М әсем әндерімен ардагер құрылысшылардың, көрермендердің көңілдерін көтерді. Мереке соңында құрылыс саласында еңбек еткен қызмет алушыларға құттықтау қағаздары табысталды.