Ағымдағы жылдың 13 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залында заңгер Сайлаубаева Динара Есинбековнаның қатысуымен жиын өтті.
Жиынға Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) директорының орынбасарлары мен Орталықтың қызметкерлері қатысты.
Жиынның тақырыбы «Еңбек заңнамасының және кәсіпорынның іскерлік әдеп кодексінің талаптары шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу».
Сонымен қатар жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және олардың одан әрі жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.